Түркістан
EN

«Ясауи антологиясы» кітаптар жинағының тұсаукесері өтті

184
27.12.2022

 Түркістанда “Ясауи антологиясы” кітаптар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Облыс әкімдігінің қолдауымен жарық көрген зерттеу жұмысына сопылық поэзияның негізін қалаушы, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы Ясауидің еңбектері негіз болған. 9 томнан тұратын еңбекті яссауитанушы ғалым, профессор Досай Кенжетай бастаған түркістандық бір топ ғалым жазып шыққан. «Ясауи антологиясы» кітаптар жинағында сопылық поэзияның негізін қалаушы, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер Қожа Ахмет Ясаудің еңбектері жинақталған. Әуелі жиынға келген студенттер мен зиялы қауым өкілдері үшін бұл еңбектердің ерекшелігі мен құндылығын дәріптейтін арнайы бейнеролик көрсетілді. «Ясауи антологиясының» тұсаукесер рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, Ясауи мұрасының түркі дүниесі мен қазақ елі, соның ішінде Түркістан аймағы үшін маңыздылығына тоқталды.

БЕЙСЕНБАЙ ТӘЖІБАЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Қожа Ахмет Ясауи-түркі әдебиетінде хикмет ілімін алғашқы болып поэзия тілімен өрнектеген ақын. Ясауи ілімі мен шығармашылығы түркі халықтары рухани мәдениетінің барлық саласында – әдебиетінде, тарихында, салт-дәстүрінде, дүниетанымында, ойлау жүйесінде өзіндік із қалдырды. Сондықтан ойшыл ақын мұрасын зерттеп-зерделеу ұлтымыздың төл болмысын, түпнегізін тану болып табылады,-дейді профессор Досай Кенжетай.

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ ЯССАУИТАНУШЫ ҒАЛЫМ, ПРОФЕССОР 

“Ясауи антологиясы” кітаптар жинағы 9 томнан тұрады. Мұнда көне қалалар, тарихта өз орнын қалдырған тұлға есімдері, пайғамбарлар, әулиелер, Ислам тарихында аты қалған тұлғалардың есімдері де бар. Кітаптар парсы және араб тіліндегі шығармалардан аударылғандықтан, түрлі қиындықтар да кездесті дейді туындының авторлары. НҰРЛАН МАНСҰРОВ Х.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ  ХҚТУ «ЯСАУИТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  Ясауиді және оның еңбектерін кеңінен таныту үшін түркістандық ғалымдар «Ясауи антологиясын» еліміздің барлық кітапханаларына жеткізсек деген ниетте. Ал облыс әкімдігі өз тарапынан Яссауи шығармаларын әлемге таныту үшін түрлі форматтағы жобаларды жүзеге асырамыз деп отыр.