Түркістан
EN

Әйелдер 61 жаста зейнетке шығады: Тоқаев заңға қол қойды

107
27.12.2022

Енді әйелдер 61 жаста зейнетке шығады және бұл заң 2028 жылға дейін өзгертілмейді. Жаңа жылдан бастап бала күтіміне арналған жәрдемақы 1,5 жасқа дейін төленеді. Базалық зейнетақы кезең-кезеңімен өседі. Жұмысынан айырылған және сақтандырылған тұлғаларға берілетін әлеуметтік төлем көлемі бұрын алып келген орташа жалақысының 45 процентіне дейін жоғарылайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы және өзге де заңнамалық актілерге қол қойды.