Барыс жылын балаларға арнауды тапсырған Мемлекет басшысының бұйрығына сәйкес Түркістан облысы аумағында да кең көлемдегі шаралар жүзеге асты. Олардың ішінде ең ауқымдылары Тұран бала фест фестивалі, Күлтегін зияткерлік телебағдарламасы және аудандардағы түрлі спорт додалары. Салтанатты шарада халықаралық ареналарда жеңіс тұғырынан көрінген 18 оқушыға бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ балалар жылы аясында үздік атанған Түркістан оқушылар сарайы мен Жетісай, Қазығұрт аудандарына құны 17 млн теңгені құрайтын шағын автобустың сертификаты берілді.