Түркістан
EN

Алматыда Қаңтар құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды

164
23.12.2022

Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалы ашылды. Республика алаңындағы нысанды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мемлекет басшысы қаңтар қасіреті ел тарихындағы үлкен сынақ ретінде халқымыздың жадында сақталатынын айтты. Бұл оқиға бәріміз үшін сабақ болғанын атап өтті. Кешен төрт бөліктен тұрады. Олар қазақ елінің сан ғасырлық қилы тағдыры мен қаңтар оқиғасын және халқымыздың жарқын болашаққа деген үмітін бейнелейді. Әр бөлікте халқымыздың ұлы тұлғаларының қанатты сөздері жазылған тастар мен стеллалар орнатылған. Жалпы бас прокуратураның ресми мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде жалпы Қазақстан бойынша 238 адам қаза тапқан. Олардың арасында 19 полиция мен әскери қызметкер бар. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау дерегі бойынша 327 қылмыстық іс әлі күнге дейін тергеліп жатыр.