Түркияның он бірінші президенті Абдуллах Гюль Түркістанға арнайы ат басын бұрды. Түркі әлемінің астанасынан 2019 жылы ашылған халықаралық туризм және меймандостық университетінің ғимаратында болып, студенттер мен оқытушылар құрамымен кездесіп, еркін форматта сұхбаттасты. Екі елдің арасында туризмді дамыту туралы пікір алмасты.