Түркістан телеарнасы көрермендеріне жаңа жылдық тосын сый дайындауда. Мерекелік тележоба эфирге 31-ші желтоқсан күні шығады. Бағдарлама елімізге танымал жандардың қатысуымен өтпек. Ән-күймен, әдемі әзілмен өрнектелген шарада жыл үздіктері де анықталатын болады. Сондай-ақ халықаралық телеарнаның биылғы жұмыстары сараланбақ.