Түркістан
EN

Түркістанда соңғы үш жылда туризм саласына 600 млн. доллар инвестиция салынған

87
22.12.2022

Қазақ-Өзбек бизнес форумында Түркістан облысы 73 млн. ақш долларына келісімшарт жасады. Ташкент қаласында өткен бизнес-форум шеңберінде Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту, сүт-тауар фермасын салу, иірілген жіп өндірісі, алма, қара өрік және табиғи шырындарды жеткізу, ет экспорты, 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында ынтымақтастықты тереңдету бойынша меморандум түзілді. Айта кетейік, өзара ынтымақтастықтың арқасында Түркістан облысы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 10 айында 366 млн.АҚШ долларын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда тауар айналымы 30% - дан асқан.