Түркістан
EN

Президент Өзбекстандағы сапарында Төле би кесенесіне зиярат етті

91
22.12.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға ресми жұмыс сапары мен Өзбекстан-Қазақстан өңіраралық бизнес-форумы аяқталуға жақын. Бүгін екі ел басшылары Төле би кесенесіне барып, зиярат етті. Одан кейін, қос тараптың бизнес өкілдері бірнеше келісімшартқа қол қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев шағын құрамда және кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізді. Бұл жиынның басты жаңалығы – екі ел шекараны демаркациялау және одақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл шарттар Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, тарихи сәт деп атауға тұрарлық. Айта кетер жайт, соңғы жылдарда Қазақстан капиталымен ашылған Өзбекстандағы кәсіпорындар мен компаниялар саны 5 есе артып, 1200-ге жеткен.