Мақала жеке бастың мәселесін күйттемеу керек. Жеке көзқарасты білдірген ақпарат - арыз. Түркістанда "Журналистика мен блогсфера: Азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпалы" атты журналистер форумында дәріс оқыған публицист, жазушы, Қазақстанның қоғам қайраткері Қайнар Олжай осылай деді. Форумда ақпарат саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Форумға аймақтың түкпір-түкпірнен келген телевидение, газет саласының журналистері, түрлі салада еңбек етіп жүрген баспасөз хатшылары мен блогерлер қатысты. Қазақ журналистикасының өзекті мәселелерін талқылауға арналған жиынды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев салтанатты түрде ашып берді.