Түркістан
EN

Қазақ-өзбек бизнес форумында 73 миллион АҚШ долларына келісімшарт жасалды

157
21.12.2022

Бауырлас елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығының артуына мүмкіндік беретін кездесуге қос елдің 500-ден астам кәсіпкері қатысты.Форум аясында Түркістан облысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда ынтымақтастықты кеңейту бойынша меморандум түзілді. Жиында сөз алған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аймақтың дамуында қазақстан-өзбек ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, инвестициялық жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін  жеткізді.