Түркістан
EN

Ауғанстан мен "Талибан" қозғалысы Дохада бас қосты

87
21.07.2021

Ауғанстан үкіметі мен «Талибан» қозғалысы Қатар астанасы Дохада бас қосты. Бірақ қос тараптың кезекті келіссөзі нәтижесіз аяқталды. Кездесуде атысты тоқтату, бейбіт келісімге келу туралы мәселелер қаралған. Дегенмен тараптар екі күннен кейін қайта бас қосатын болып келіскен. Айта кетсем, Ауғанстанда АҚШ пен оның одақтастары әскерін шығаратыны туралы мәлімдеген соң тәліптер бас көтеріп, үкіметке шабуылы күшейді. Біріккен ұлттар ұйымының хабарлауынша, қарулы топтар елдің көп бөлігін бақылауына алған. Салдарынан тәліптерден қорқып баспаналарын тастап қашқан тұрғындар саны көбейген. Сарапшылар әскери қимылдардан 3 жарым миллионнан аса адам босқынға айналғанын айтады.