Түркістан
EN

Түркістанда көмір қоры жеткілікті ме?

231
21.12.2022

Түркістандық тұрғындар жылусыз қалмайды. Өйткені көмір қажеттілігінің 90 пайызы толық тасымалданған. Мәселен, облыс тұрғындары үшін 807 мың тоннадан аса қатты отын бар. Ал темір жол тұйықтарында жалпы 6500 тонна көмір қоры жинақталған. Оның ішінде Түркістан қаласында 3300, Арыста 100 тонна болса Сарыағаш ауданында 1500 тонна. Одан өзге, Созақ ауданындағы көмір қорығының жиынтығы 1600 тоннаны құрайды. Айта кетейік, қазіргі таңда темір жол тұйығы бар елді мекендерде 1 тонна қатты отынның бағасы 14 600 – 18500 теңге аралығында.