Елімізде 29 мың шенеунік өз табысын жасырып келген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Данияр Жаналинов мәлімдеді. Ол өз сөзінде, қаржы түсімдері туралы мемлекеттік қызметшілер қыркүйек айында есеп беруі керек еді. Алайда мұны елемеді. Тиісінше, оларға жауапкершілік туралы ескерту берілгенін жеткізді. Еске салсақ, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде кірістерді жалпыға бірдей декларациялау басталды. Алғашқылардың бірі болып, мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген тұлғалар мен жұбайлары есеп берді.