Түркістан
EN

Түркістанда интернет сапасы неге нашар?

276
20.12.2022

Шалғайдағы елді-мекен тұрмақ, ірі қалалардың ортасында да, 4 джи ғаламтор желісі ұстамай, тұрғындардың ығырын шығарады. Осыған орай, бүгін, Цифрлық даму, Инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Мәлік Олжабеков өңір жұртының өтініштерін тыңдап, жауап берді. Бастапқыда, ведомство басшысының орынбасары инновациялық жобалалармен таныстырды. Оның ішінде, ғарыштағы жер серік арқылы су ресурстарын, жайылым жерлерді бақылау жобасы іске қосылды. Дегенмен, тұрғындардың басым көпшілігін тек ғаламтор жылдамдығы немесе кейбір ауылдарда оның мүлде жоқтығы көбірек алаңдатты.