Түркістан қаласында жалпы аумағы 250 мың шаршы метрден асатын 100-ден астам көпқабатты тұрғын үйлер салынады. Сонымен қатар «Жаңа қала» аймағында инвесторлар есебінен 14 көпқабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы басталмақ. Облыс орталығындағы жаңа жобалар жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыға баяндалды. Өңір басшысы әр нысанның нақты кестесін бекітіп, жұмыс барысын, сапаға басты назар аударды қатаң тапсырды. Балаларға арналған алаңқайлардың қауіпсіздігін назарда ұстап, абаттындыруға қатысты бірқатар ұсыныстар енгізу туралы тапсырма берді. Отандық құрылыс материалдарына басымдық беруді міндеттеді. Одан бөлек әкім «Достық үйі» мен «Мұз сарайы» ғимаратары бойынша бірқатар өзгерістер енгізуді тапсырды. Түркістандағы арнайы экономикалық аймағына бірқатар танымал сауда брендтері орналасатын болады.