Нұрғиса Әділетұлы ересектер арасында бар-жоғы екінші рет осындай халықаралық байрақты бәсекеге қатысып отыр. Бұған дейін, жерлесіміз Азия Чемпионаттарына 2 рет қатысқан. Жұлқа көтеруде 174 келіні бағындырған Нұрғиса, серпе көтеруде 209 келіні көтерді. Жалпы, көлемі 383 нәтижесімен, екінші орынға тұрақтады. Дегенмен, ол ауылдастары үшін бәрібір чемпион.