Түркістан
EN

Түркістанда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды

123
19.12.2022

Түркістанда жаңа жылдың бас символы жасыл шырша облыс әкімдігінің алдында және Жеңіс паркінде орнатылып, оны жағу рәсімі 25 желтоқсанда өтеді. Алайда биыл түркістандықтар мерекелік безендіруге шығындалмауды жөн көріпті.Түркістандықтар қаланың мерекелік безендіру жұмыстарын енді бастап жатса, Астана қаласы жаңа жылға сақадай-сай сыңайлы. Өйткені дәл бүгін елорданың бас шыршасы жағылмақ. Ал Қостанай қаласының бас шыршасы күні кеше өз шамдарын жағып та үлгерді. Айта кетсек, қостанайлықтар мерекені атап өтуге барлығы 44 млн теңге жұмсаған.Ал еліміздің мәдени астанасы Алматыны жаңа жылдық безендіруге 359 млн жұмсалады. Биыл жаңадан құрылған Ұлытау облысы бұл мақсатқа 4 млн, ал Абай облысы 13 млн теңге бөлген.