Төлеби ауданындағы 60 отбасы жаңа баспана кілтіне қол жеткізді. Өңір орталығы Ленгір қаласындағы жаңа тұрғын үй кешеніндегі үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматарға берілді. Олардың қатарында әлеуметтік осал топтағы отбасылар да бар.Аймақтың 90 жылдық торқалы тойы қарсаңында Төлебилік тұрғындар қуанышқа бөленді. Аудан орталығындағы жұрт күткен көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, үй кезегінде тұрған жанұялар баспаналы болды. Мереке қарсаңында үйлі болған аймақ азаматтарын облыс әкімі Дархан Сатыбалды құттықтады. заттық алған 31 жыл ішінде аудан аумағында 30-тан астам көпқабатты үй бой көтеріп, жергілікті 1500 жанұя қоныс тойын тойлаған. Ал, биыл наурыз айында пәтер кезегін күткен 120 отбасы үйлі болған. Жаңа жылды жаңа шаңырақ астында қарсы алатын тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Соның бірі көпбалалы ана Әйгерім Ибраева. Ұзақ жылдар бойы үй кезегінде тұрған ана дастархан жайып, ұлан-асыр той жасауда.