Түркістан
EN

Түркістандағы Халықаралық «Әзірет Сұлтан» әуежайында онлайн терминал іске қосылды

298
15.12.2022

Түркістандағы халықаралық Әзірет Сұлтан әуежайында «Fly Arystan» компаниясы «I-jan»  заманауи терминалын іске қосты. Әуежай қызметкерлерінің де, жолаушылардың да уақытын үнемдейтін бұл онлайн-терминалдар қазірдің өзінде қазақстандық жолаушылардың оң бағасын алып үлгерді. Енді жолаушылар рейске тіркеуді өздігінен жасай алады. Флай арыстан компаниясы Әзірет Сұлтан халықаралық әуежайында ай жан терминалын іске қосты. Бұған дейін бұл қондырғылар тек Алматы мен Астана қалаларында жұмыс істеп келді. Қазірдің өзінде, киелі қаланың кереметін көруге келген жолаушылар онлайн тіркелудің тиімді тұстарына өз көздерімен куә болуда.