Әлеуметтік желіде таралған мына бейнежазба көптің қызығушылығын тудырды. Бірі «бұл Қазақстан емес деп» пікір қалдырса енді бірі «біздің топыраққа лимон көшеттері өспейді» деп сенімсіздің білдіріп жатты. /Кадр/ Бірақ, тек тропикалық елдерде ғана жайқалып өсетін жеміс расында Сарыағаш топырағын жатсынбапты. Бағыс ауылының тұрғыны Манат Таңсықбаев лимоннан басқа банан өсіруді де қолға алыпты. Бірақ, жылыжайының жағдайы ол жемістің пісуін әзірге тежеп тұр.