Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін жартылай финалдың екінші кездесуі өтеді. Онда турнирдің басты сенсациясы Марокко азулы құрама, 2018 жылғы әлем чемпиондары Франциямен ойнайды. «Атлас арыстандары» мен «Ле Бле» финалға жолдаманы сарапқа салады. Марокко Африка құрлығының бетке ұстар, оңайлықпен беріспейтін команда болғанымен, осы кезеңге дейін жетеді деп ешкім ойламады. Жеңістен үміткер, Испания мен Португалияны үйіне қайтарып, оның үстіне, Криштиану Роналдуның әлем кубогін жеңуге деген соңғы мүмкіндігін ойран қылды. Алайда, ол екеуі де жолдастық матчтар. Ал, Марокко бас бапкері Валид Реграри бұл жолы Францияны да бас жүлдесіз қалдырамыз деп отыр.Тағы бір айта кетер жайт, Франция құрамасының сапында жарақатынан айыққан Карим Бензема алаңға шығуы мүмкін деген қауесет тарап жатыр. Турнир басталмай тұрып, Франция құрамасының Погба, Нкунку, Канте секілді ойыншылары жарақат алған еді. Олардың арасында Алтын доп иегері Бензема да бар.