1400 ден астам әкімшілік құқық бұзушылық. Бұл жыл басынан бері темір жол маңында тіркелген қылмыстар үлесі. Сандық статистиканың артуына байланысты Түркістан станциясы желілік полиция бөлімі тиісті жұмыстар атқаруда. Мәселен, 12-15 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Ондағы мақсат темір жол аумағындағы қылмыстардың алдын алып, құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Тәртіп бұзғандардың басым бөлігі темір жол көлігі қағидасының заңнамасын елемеген. Олардың саны 778 -ді құрап отыр. Ал 71 азамат ластау және ұсақ бұзақылылықтар жасаған. Осы ретте, сала мамандары жолаушыларға ережені ескеруге шақырады.