Бүгінде нарықта сәбилерге арналған брендтік жөргектер жетерлік. Аналар үшін бірінің сапасы көңіліінен шықпаса, енді бірін қалта көтермейді. Ал елімізде оның ішінде Түркістан облысында ерекше қажеттілігі бар сәбилерге жөргектер шығарылуда. Бұл өндіріс орнының нарыққа келгеніне 1 жылдан асқан. Кәсіпорын минутына 600, жылына 500-600 миллион дана жөргек шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнының негізін қалаушы Баянсұлу Төрегелдіқызы дәл осы кәсіппен айналысуының себебін түсіндірді. Айтуынша, жас ана ретінде өзінің ұлына шет елдік жөргекті қолданып келген. Алайда баға мен сапаға қатысты мәселе туындаған. Сондықтан осындай өнімді өзімізде шығаруды жөн санапты.