Еліміздің денсаулық министрі көпшілік шоғырланған жерде бетперде тағуға кеңес берді. Сала басшысы Ажар Ғиният қазіргі уақытта вирустық аурулардың өсімі байқалатынын мәлімдеді. Оның ішінде тұмау мен коронавирус та бар. Министрдің айтуынша өткен тәулікте ел аумағында 235 адам қауіпті індетті жұқтырған . Алайда, қазіргі эпиджағдайда тұрғындар үшін қатаң шаралар қабылданбайды.