Түркістан қаласында биыл үй кезегінде тұрған 700-ге жуық отбасыға әлеуметтік баспана беріледі. Шаһардың жаңа ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 20 отбасыға пәтер кілтін тапсырып, қуаныштарымен бөлісті.Отырар мөлтек ауданында бой көтерген 9 қабатты бес тұрғын үйге 5 мыңға жуық адам көшіп келеді. Биыл Түркістан каласы бойынша жалпы көлемі 200 мың шаршы метрден асатын 51 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.