Жыл басынан бері 1,5 млн гектар жер қайтарылды. Әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында 11 мың үлескердің мәселесі шешілді. Құзырлы органдардың дерегінше, елдегі құнарлы ауылшаруашылық жерлер мен жайылымдардың көбін олигополиялар иемденіп алған. Олардан 145 мың гектар жер мемлекет пайдасына тәркіленді. 56 қылмыстық іс қозғалып, 9 адам сотталды. Ал мемлекет басшысының айтуынша, ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ игілігін көре алмай отыр. Биыл елде астық мол шықты. Алайда өнімділігі төмен. Бұл салада заманауи технологияны қолдану қажет. Шаруаларды осыған ынталандыру керек деді президент.