Мәслихат отырысының басында облыс әкімі Дархан Сатыбалды жуырда өткен Президент сайлауы қарсаңындағы науқанда белсенділік көрсеткен адамдарға алғыс хаттар табыстады. Сессияда, бұған дейін тұрақты комиссиялар қызу пікірталас жүргізген көптеген мәселелер мақұлданды. Дегенмен, кей мемлекеттік орган өкілдері мәслихат депутаттарына өз өтініштерін айтты. Мәселен, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов есеп бере отыра, кейбір проблемалардың басын ашып, оны шешу үшін өз ұсыныстарын жеткізді.