Түркістан
EN

Қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды

160
13.12.2022

Қаламы қарымды, рухты ақын Мұхтар Шаханов биыл 80 жаста. Айтулы мереке Түркістан төрінде кең көлемде тойланып, ақынның сөзіне жазылған әндер әуеледі. Топырағын түртсеңіз тарих аңқитын қасиетті Отырар мекені құндақтаған ақынның мерейтойы Фараб кітапханасында өтті. Жанына шындықты жалау еткен шайырдың шығармашылық кешіне Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысты.