Түркістан
EN

2029 жылға дейін 1 миллионнан астам отбасы баспаналы болады

104
13.12.2022

Елімізде 2029 жылға дейін 1 миллионнан астам жанұя баспана кілтіне қол жеткізеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Апатты және тозығы жеткен үйлерді жаңарту бағдарламасы аясында биыл 138 мың тұрғын үй бой көтеруде. Оған қоса,  576 елдімекенннің инфроқұрылымын жетілдіруге арналған «Ауыл – ел бесігі» жобасы жалғасын таппақ. Ал, келесі жылы 663 ауылдың аумағында жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін мемлекет қазынасынан 140 млрд. теңге бөлінбек.