Түркістан
EN

13 вакцина паспортын сатқан адам ұсталды

55
17.07.2021

Миллиондаған айыппұл вакциналау құжатын сататындарға кедергі болмай тұр.  Қазір 13 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Бұдан бөлек ПТР тест нәтижесін өзгертудің 35 дерегі, жалған ПТР тестіні қолданудың 16 жағдайы әшкереленген. Ішкі істер министрлігі қолдан құжат жасаушылардың қоғамға қауіп төндіретінін айтып, оған қатысты қатаң жаза бар екенін ескертеді. Атап айтқанда, вакциналау құжатын қолдан жасайтындарға 5 млн 800 мың теңге айыппұл салынады. Тіпті болмаса 2 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал егер қылмыс бір жыл ішінде қайталанса және ұйымдасқан топ құрылса, 11 млн 600 мың теңге көлемінде айыппұл арқалап, 4 жылға бас бостандығы шектеледі. Сондай-ақ жалған құжатқа тапсырыс бергендер де жазадан құтылмайды. Оларға заң бойынша 467 мың теңге көлемінде айыппұл салыну қарастырылған.