Түркістан
EN

Ясауи жазбалары табылды

197
12.12.2022

Түркістан телеарнасы арнайы Ясауидің құнды қолжазбаларын іздеп, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Шығыстану институтындағы қолжазба қорында сақталған нұсқаларды іздеп барды. 

Абу Райхан әл-Беруни атындағы шығыстану институты - Орталық шығыс қолжазбалары сақталған ең бай қойманың бірі. Қазіргі уақытта оның қорында 65 000-нан астам қолжазбалық және литографиялық кітаптар бар.

Жалпы, институт 1000 – нан астам қолжазбаны цифрландырып үлгерген, Институттың негізгі қоры 13319 қолжазба, ал дублеттік қоры 6000 дана. Осы институтта барлығы 26 000 қолжазба бар, ал литографиялық басылымдар томы 40000, ал тарихи құжаттар саны 5000-нан асады. Осындай еңбектерді зерттеп, халық игілігіне пайдаланып жүрген ғалымдар Ясауаи туралы жазылған пікірлерді тарихи қолжазбалардан да кездестірген.