25 – қараша әйелдерге қатысты зорлық – зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні. Бұл датаны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылы ресми түрде жариялаған болатын. Осы күннен бастап әлем әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жою үшін түрлі акциялар ұйымдастырылып келеді. Науқан жыл сайын дәстүрлі түрде 25 қарашадан 10 желтоқсан аралығында өтеді. Осыған орайда Түркістан қаласы да шет қалмады. Рухани шаһардағы №23 білім ордасында бір қатар зиялы қауым өкілдері бас қосып, жаһандық мәселені талқыға салды.