800-ден астам құқық бұзушылық. Түркістандық полицейлер 3 тәулік ішінде «Автобус» іс-шарасы аясында осынша заңсыз әрекетті әшкереледі. Шараның негізгі мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондай ақ, қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықты анықтау. Тексеру жұмыстары еліміздің барлық аймағында 5-11 желтоқсан арадығында өтеді.