Елімізде такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейді. Нақтырақ айтсақ онлайн платформа арқылы жұмыс істейтін таксистер үшін арнайы салық режимі енгізіледі. Бұл режим қалай жұмыс істейді? Cалықтан жалтарғандарға қандай шара қолданылады?
Сұлтанғали Бақанов такси қызметінде 20 жылдан бері жұмыс істейді. Тапқан табысы азық-түліктен артылмайтын көрінеді. Айтуынша таңертеңнен кешке дейін бала- шағасының қамы үшін тер төгіп жүргендердің қалтасына бұл салық түрі салмақ түсіреді.