Түркістан
EN

Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

155
09.12.2022

Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды. Бұл қызметке Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек отырды. Жамбыл облысының тумасы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «сәулетші дизайнер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1997 жылы тағылымгер-зерттеуші болып бастаған. Одан соң, көлік және коммуникация  министрлігінің жауапты хатшысы және бірқатар жауапты қызметтер атқарған. 2014 жылдың наурыз айында көлік және коммуникация министрі болды. Еске салсақ, Жеңіс Қасымбек 2019 жылдың қыркүйегінде Қарағанды облысының әкімі болған.