Ордабасыда өнеркәсіп өркендеп келеді. Салада біршама ілгерілеушілік бар. Ауданда 9 айда 21 млрд. 190 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Осы аралықта аудан экономикасына 26 млрд. 251 млн. теңге инвестиция тартылды. Ал,”Бадам» индустриалдық аймағында жалпы құны 21 млрд. 234 млн. теңге болатын 6 жоба орналасқан. Облыс әкімі осы ауданда болып, бірнеше зауытты аралап жұмысымен танысты. Индустриалды аймақты кеңейту, дамыту жолдарын қарастырған өңір басшысы Ордабасы ауданында өндірісті дамытуға күш салынатынын жеткізді.