Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданының тұрғындарымен кездесті. Айта кетсек биыл әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматта өткізілуде. Бұған дейін аймақтағы барлық қала, аудан тұрғындарымен кездескен әкім халықпен кездесуді Ордабасы ауданында қорытындылады. Жиында аймақ басшысы жыл басынан бері ауданда атқарылған игі істерді тізбектеп, ауданның дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларға тоқталды. Сондай-ақ, жергілікті халықты мазалаған өзекті мәселелерге қатысты жауап берді.