Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі: Түркістан облысының барлық аудандарында «Жаңа буын орталықтары» салынады

129
07.12.2022

Түркістан облысының барлық аудандарында заманауи үлгідегі мәдени ошақтар бой көтереді.«Жаңа буын орталығы» деп аталатын мәдениет орталықтары көпфункционалды болмақ. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды бірегей жобаның тұжырымдамасын бекітіп, жауапты басшыларға нақты тапсырма берді. Онда салтанатты жиындар өткізуге арналған мәжіліс залы,ғылымды дамытуға бағытталған кибернетика, робототехника орталықтары ашылады. Өнер мен шығармашылықтан бөлек, спорт салалары бойынша шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисі үйірмелері ашылады. Қорыта айтқанда, мұндай орталықтар кітапхана, мәдениет үйі және оқушылар сарайының міндетін атқарады. Енді 2 қабатты ғимараттың құрылысы келер жылдың басында оңтүстік аумақтардан бастау алып Жетісай, Мақтаарал, Сарыағаш және Келес аудандарында салынады.