Түркістан
EN

Түркістан прокурорлары төл мерекесін атап өтті

186
07.12.2022

Жыл сайын желтоқсан айының алғашқы аптасында прокурорлардың төл мерекесі Республикалық прокуратура органының құрылған күні атап өтіледі. Түркістан облысының прокурорлары да мерекеге орай салтанатты жиын өткізді. Алдымен облыс прокуроры Марат Алиханов бүгінгі күннің маңыздылығына тоқталды. Шараға осы салада еңбек еткен ардагерлер, қатардағы қадағалау органы өкілдері қатысты. Кәсіби мереке құрметіне бірқатар прокурорларға  арнайы сыныптық шендер беріліп, «Мінсіз қызметі үшін» медальдары,  «Прокуратура үздігі» төсбелгілері табысталды. Қызметін адал атқарып, жоғары нəтижелерге қол жеткізген сала қызметкерлері  «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен» марапатталды.