Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі: Тұрғындардың өтініштерін орындау барысы қатаң бақылауда

111
07.12.2022

Тұрғындар өтінішін орындау қатаң бақылауда. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс басшылары жарты жылда бір рет тұрғындармен кездесіп келеді. Осы ретте, өңір басшысы Дархан Сатыбалды да облыстың біршама аймақтарын аралап, тұрғындар өтінішін тыңдап жүр. Кезекті аппарат отырысында  жұртшылықпен кездесуде айтылған ұсыныстардың орындалуы жайы сөз болды.