Абай облысында алкогольді заңсыз өндірген жерасты цехы анықталды. Арнайы операция кезінде полицейлер жалпы құны 2,5 млн теңгеден асатын әртүрлі көлемдегі 12 канистрге құйылған 1500 литрден астам алкогольді тәркіледі. Контрафактілік алкогольді 57 жастағы Семей қаласының тұрғыны үй жайындағы жертөлесіне жинақтап, қолмен құю цехының желісін жабдықтаған. Заңсыз өнім үлгілері физика-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді.