Түркістан облысында әлеуметтік нысандардағы жылыту маусымының өтуі бойынша тексеру жүргізілді. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды. Осы ретте аймақ басшысы Дархан Сатыбалды аталған олқылықтарды реттеуге бір апта уақыт берді. Ол өз сөзінде, әрбір мекеме басшысы өзі басшылық етіп отырған ғимараттың сапасын қадағалап, кемшіліктерді жоюға күш салу керектігін жеткізді. Сондай ақ, білім нысандарының жылу сапасы бойынша кемшіліктер бары анықталды. Тізімдік қатарында, Түркістан қаласы, Созақ, Сайрам, Қазығұрт, Мақтаарал аудандары бар. Одан өзге, Сайрам, Бәйдібек ауданындағы әлеуметтік нысандар бойынша да мәселелер жайы сөз болды.