Түркістан
EN

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жұмыс жанданады

112
06.12.2022

Балық шаруашылығын дамытып, өнімділік пен экспорттық әлеуетін арттыру қажет. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кезекті аппарат отырысында осылай деді. Осы ретте, аталған саланы дамыту бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеуді тапсырды. Сондай ақ, жауапты басқармалар балық шаруашылығы бағытында жұмыс істеймін дейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсету керектігін жеткізді. Жалпы облыс аумағында 126 жергілікті маңызы бар су айдыны тіркелген. Оның 104-і балық шаруашылығын жүргізуге жарамды. Ал су жануарын жасанды жолмен өсіру бойынша былтыр 5,7 мың тонна, осы жылы 5,1 мың тонна тауарлы балық өндірілген. Бұл еліміз бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.