Түркістан
EN

Ұлттық құрама Токиоға аттанды

103
17.07.2021

Қазақстандық спортшылар бүгін Токиоға аттанады. Карантиндік жағдайға байланысты ұлттық құрама қос чартерлік рейспен жолға шықты. Олардың ішінде бокс, дзюдо, каратэ, үстел теннисі, жеңіл атлетика және ату спорттарының өкілдері мен отандық мамандар бар. Ал ел делегациясының шеф-де-миссионы Елсияр Қанағатов бастаған топ бірнеше күн бұрын Жапонияға жетіп, спортшыларды тіркеген. Айта кетсем, санаулы күндерден кейін Жапонияның бас шаһары – Токиода жазғы Олимпия ойындарының жалауы желбірейді. Екі аптаға созылатын төртжылдықтың басты додасында Қазақстанның 95 спортшысы спорттың 27 түрі бойынша ел намысын қорғайтын болады.