Түркістан
EN

Түркістан облысының әкімі: Балабақшаларды қаржыландыру қатаң қадағаланады

252
05.12.2022

Төлеби ауданы бойынша 6 жекеменшік балабақшада 80% балалар тек құжат жүзінде ғана тіркелген. Ал ата-ана өтініштерінің 90% бірдей қолжазбамен толтырылған. Мұндай сорақы жағдайды арнайы мониторинг жүргізген әкімдік өкілдері анықтаған. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өзекті мәселелері облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиынды талқыланды. Өңір басшысы балабақшалардың талапқа сай болуын қатаң қадағалау, тиімді қаржыландырылуын бақылау қажет екенін ерекше атап өтті. Мамандардың сөзінше, өңірде жылу жүйелері қалыпты жағдайдан төмен, қауіпсіздік шаралары сақталмай ирандық пешпен жылытылатын балабақшалар да бар. Мәселен, ойын бөлмесі 1 балаға кемінде 2 шаршы метр болуы тиіс. Бұл талаптар көп жерде орындалмаған.