Қазақстан өнерпаздарының өзге елдерде жақсы өнер көрсетуі ұлттық аспаптар мен мәдениетімізге шетелдіктердің қызығушылығын тудыруда. Мәселен, Венгрияның Будапешт қаласында дүниеге келген мажар қызының қобыз аспабында ойнауға деген қызығушылығы оны Қазақстанға оқуға түсеге жетелеген. Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде білім алып жүрген Богларка есімді мажар қызы қазақ тілінде емін-еркін сөйлейді.