Түркістан
EN

Облыс әкімінің кубогі үшін кіші футболдан жарыс өтті

148
05.12.2022

Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың патриоттық сезімін нығайту, бұқаралық спортты дамыту бағытында шағын футболдан өткен облыс әкімі кубогінің жеңімпаздары анықталды. Жас ерекшеліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары 3 топқа бөлініп, қаржылай сыйлықтар мен арнайы диплом, медальдарға ие болды. Жеке ойын өрнегімен ерекшеленген ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік ойыншы» номинацияларымен марапатталды. 120 мыңнан астам оқушыларды қамтыған турнир биыл дәстүрлі түрде екінші рет өткізілді.