Қазығұрт ауданда биыл астық түсімі молайды. Өңірде жалпы 110723 тонна бидай, арпа мен мақсары дақылы жиналды. Сондай-ақ жылыжай көлемі 174 гектарды құраған. Осыған орай ауданы орталығында жыл бойы еткен еңбектің жемісін жинап, рахатын сезіндіретін күз мезгілінің айтулы мерекесі өтті. Алдымен шаруалар төмен бағада жәрмеңке өткізді. Мерекелік іс-шара, әрі қарай орталық Мәдениет сарайында жалғасын тапты. Аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы барша аграрлық сала еңбеккерлерін жылдың қорытынды мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, жоғары нəтиже көрсеткен шаруалар мен еңбек озаттарына алғыс хаттар мен арнайы марапаттарын табыс етті.