Түркістан
EN

Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізіле ме?

104
05.12.2022

Елімізде коронавирустың «Цербер» штамы таралып жатыр. Вирустың бұл түрі өте жұқпалы. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Қараша айында қазанмен салыстырғанда сырқаттанғандар саны бір жарым есеге көбейген. Ведомствоның хабарлауынша, аптасына орташа есеппен коронавирус жұқтырған 700 науқас тіркеледі.  Айта кетерлігі, омикронның түрленген «Цербер» штамы әлемнің 65 елінде анықталған. Ал Қазақстанда әзірге Астанада ғана тіркеліп отыр. Ал Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде 10 миллионнан астам адам вакцина салдырғанын, ұжымдық иммунитет қалыптасқанын айтты. Сондықтан Қазақстанда ковидке қатысты шектеу енгізу жоспарда жоқ.