Түркістан
EN

Теке елді мекенінде салынып жатқан жол ешбір талапқа сай келмейді

309
02.12.2022

Қоғам болып бақылау деген осы. Телеарнамыздың «Әуесқой репортер» айдарына Сауран ауданында жол құрылысы сапасыз жүріп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен болатын. Тұрғындардың жанайқайынан кейін біздің тілшілер мәселені өз көздерімен көріп қайтты. Теке елді мекенінде салынып жатқан жол расында ешбір талапқа сай келмейді екен. Ал, жол салушы мердігер мекеме басшылары жауаптан да, жауапкершіліктен де қашып жүр.